Түркістан
EN

Қостанай облысында өрт қауіпі сейілді ме?

111
07.09.2022

Қостанай облысында Бағаналы және Қазанбасы ауылдарында өрт әлі де сөндіріліп жатыр. Қызыл жалын кеше түнде Бағаналыда лапылдаған еді. Төтеншеліктер аумағы шамамен 10 гектар болатын жердің отын өшіріпті. Қазір бірнеше жері түтіндеп жатыр. Ал Төтенше Жағдайлар министрі Юрии Ильин өңірдегі ахуал бірқалыпты дейді. 

Кешегі тілсіз жаумен күрескен қызметкердің бірі Андрей Ракович. Ол кеше түнде жағдай қиындап кеткенін айтады. Қызыл жалынның ортасында жүргенде тіпті үстіндегі киімідері де жанып кетіпті. 

АНДРЕЙ РАКОВИЧ - ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ  - Аударма:  Өрт сөндіру кезінде орман шекарасына мамандар қаз қатар тізілді. Ең маңызды 3 жерге бөлініп, жалындаған өртті тоқтаттық. Тілсіз жауды сөндіруге ауа-райы да көмектесті. Кеше түнде 10 минут қана жауған жаңбырдың өзі септігін молынан тигізді. Адамдар дін аман. Тек өзімнің киімім мен аяқ киіміме зақым келді. 

Министрліктің соңғы ақпараты бойынша, өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Орман шаруашылығының жалпы аумағы 107 мың гектардан асады. Өрт кезінде 91 үйге зақым келген. 11 адам зардап шекті. Олар жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алған. Арасында күйік шалып, уланғандары да бар. 

ЮРИЙ ИЛЬИН - ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ - АУДАРМА: Қазір жағдай бұрынғыдан қарағанда тұрақталды. Қарқынды жұмыстың арқасында тілсіз жаудың бетін қайтарамыз деген ойдамын. Аманқарағай елдімекені ерекше назарда, өрттің қайта тұтанбауын арнайы қызмет қадағалап отыр. Себебі желдің беті қайтпай тұр. Бүгін, ертең өртті толық сөндіреміз деп отырмыз. Одан әрі орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері жағдайды бақылайды.

Қазіргі таңда Бағаналы ауылының маңында ғана өрт ошағы қалды. Оның өзі сөндірілді. Министрдің айтуынша бүгін-ертең жел көтерліп табиғат тосын мінез танытпаса, көмекке тартылған қосымша күш кері қайтады.