Түркістан
EN

Түркістан облысындағы дала өртінің алдын-алу жұмыстары

220
07.09.2022

Түркістан облысында 830 елді мекен болса оның 230-да өрт сөндіру бөлімдері жоқ. Ол жерде 535 мың адам тұрады. Демек, өрт сөндіруді қамтамасыз ету үшін қосымша 51 бекет салу қажет. Бұл туралы - Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев өңірлік коммуникациялар орталығында брифингте айтты. Одан бөлек, Жетісайдағы базар өрті өзгелерге сабақ болуы тиіс дейді ол. Төтенше жағдайлар қазір қанша базар талапқа сай екенін дөп басып айта алмай отыр. Өйткені, әлі тексеру жұмыстары жүруде. Сондай-ақ мамандар Түркістанда көп қабатты үйде газ баллон пайдаланып отырған отбасылар бар екенін айтты. Оларға өрт сөндірушілер тек ескерту берумен ғана шектеледі екен. Жауапкершілікке тарту бойынша заңда жаза қаралмаған. Оның айтуынша, биыл облыста 289 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 6 адам қаза болып, 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам материалдық шығын келген.