Түркістан
EN

Дипломмен теріскейге

106
07.09.2022

Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар үшін Солтүстік Қазақстан облысы таптырмас өңір. Себебі, аймақта маман тапшы. Дипломыңызды қолыңызға алып, теріскейде қызмет етуді қаласаңыз мемлекет баспанамен қамтамасыз етеді. Одан бөлек дәрігер, мұғалім секілді мамандық иелеріне көмек ретінде қомақты қаржы төленеді. Жұмыс істеуге ниетті жандарға солтүстікте тағы қандай жеңілдіктер бар? Тілшіміз тарқатады.

Әйгерім Байменова ұлы көшке ілескен жандардың бірі. Төле би ауданының тумасы бұған дейін мемлекеттік қызметкер болған екен. Алайда, қысқартуға ілініп жұмыссыз қалған. «Екі қолға бір күрек табылады» деген ару, буынып-түйініп солтүстікке атанып кетіпті. Алғашында қиын болды, бірақ қазір бұл жерден кеткім келмейді – дейді, ол.

ӘЙГЕРІМ БАЙМЕНОВА – АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Өзіме көшіп келген жерім ұнайды. Көкшетау қаласына өте жақын. Шымкентке қатынау да оңай. 

Әйгерім көшіп келе сала Ақжар аудандық жұмыспен қамту орталығында қызметке кіріскен. Жалақысы да жап-жақсы. Бастысы өз мамандығымен жұмыс істейді. Тіпті, мемлекет оңтүстіктен келген мамандарды толықтай баспанамен қамтиды екен.

ӘЙГЕРІМ БАЙМЕНОВА – АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Әріптестерім өте жақсы. Кез-келген уақытта көмек қолын созуға дайын. 

Солтүстік қазақстанның қай ауданына басраңызда мамандығыңызға сай жұмыс табуыңыз әбден мүмкін. Себебі, мұнда халық аз, жұмыс күші жетіңкіремейді. Мемлекеттік бағдарлама осы мәселеге келгенде үлкен көмек болды дейді, Ақжар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

БАУЫРЖАН БАРЖАНОВ – АҚЖАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТТОРЫ - 2016 жылдан бері 165 отбасы көшіп келді бізге...

3 жылдың ішінде Ақжар ауданында қоныс аударушыларға арнап 71 үй салынған. Дәл қазір оның 7-і бос тұр. Ауданға келіп жұмыс істегісі келетін жандарға бос тұрған баспаналар берілетін болады.