Түркістан
EN

Қостанайға Түркістан облысынан 20 мың тонна қажетті тауар жіберілді.

164
06.09.2022

Түркістандықтар өрттен жапа шеккен Қостанай халқына көмек көрсетуді бастап кетті. Көмек ретінде кәсіпкерлер қаржылай қолдау жасап,облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері 1 күндік жалақыларын аударды. Қазіргі таңда Торғайлық тұрғындарға 70 млн.теңге жиналған. Сондай-ақ, облыста бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмыс істеп жатыр. Олар, Түркістан облыстық «жастар ресурстық орталығы» «Аmanat» партиясы, «қызыл жарты ай» қоғамдық қоры штабы мен Шымкент қаласындағы облыстық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында қостанайлықтарға берілетін көмек заттары жиналуда. Сонымен қатар, Қазақстан халқы ассамблеясының аудан-қаладағы филиалдары да көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Бүгінде 17 аудан, қалалық «жастар ресурстық орталықтары» ғимараттарында гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Олардың ішінде халыққа аса қажетті төсек жабдықтары, санитарлық заттар, ұзақ уақытқа жарамды консервіленген және жартылай фабрикатталған азық-түлік бар. Күні кеше 1 камаз гуманитарлық көмек қостанайға жөнелтілген еді. Ал, бүгін тағы да гуманитарлық көмек тиеген 20 тонналық 2-3 жүк көлігі жолға шығады.

ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ - сала қызметкерлерінің бәрі көмектесіп жатыр. кәсіпкнрлерге рақмет. бұл енді елге келіп жатқан нәубет. бұл кезде сенің жұмысың менің жұмысым деген жоқ. бәріміз бірдей атсалысамыз. еліміз тыныш болсын.

НҰРСҰЛТАН ЖҮСІПБАЕВ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ - азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек көрсетілуде.менің айтарым, біздің жерлестерімізге, кәсіпкерлерімізге, депутаттарға келіп көмек қолын созумыз керек. өйткені біз мақтаарал мен арысты ұмытпауымыз керек. сол кезде барлық қазақстан бір жұдырықтай бізге көмектесті. біз соны ұмытпауымыз керек.