Түркістан
EN

Бәйдібек ауданында тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өтті

214
06.09.2022

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тоғызқұмалақтың блиц түрінен ашық біріншілік өтті. Оған 130 спортшы қатысып, бағын сынады. Ондағы мақсат – қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын  насихаттау, оның бұқаралық сипатын арттыру және осы спорт түріндегі ең үздік спортшыларды анықтау дейді ұйымдастырушылар.«Балалар жылына» орай өткен жарыс ауданның «Құрметті азаматы», спорт жанашыры Мұхтар Әуезұлын еске алуға арналды. Жүйрік ой мен математикалық есепке мығым жастар әдемі ойын-өрнегін көрсетуге тырысты.

КАМИЛА КӨПБАЕВА – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ - Жарысымыз блиц түрінде өтеді. Блиц дегеніміз әр ойыншыға жеті минуттан беріледі. Бұл жарысқа қала аудандардан 8 команда жиналды. Жарысқа аудандардың ең мықты деген спортшылары жиналды. 

2009-2007 жылдар аралығында туған ұлдар арасында 1-орынды Сарыағаштан келген спортшы Омар Тұрғынбай, ал, қыздар арасында Айжан Құдайберген иеленді. Ал 2010-2012 жылдар аралығында туған ұлдар арасында 1-орынды Шымкенттік спортшы Нұрғиса Қадырбек жеңіп алды. 9 жастағы ұлдар арасында 1-орынды бәйдібектік Мұхамеднұр Айдархан алды. Жеңімпаз спортшыларға ұйымдастырушылардың «Дипломы» және медальдар табыс етілді.