Жайылым жерге жарымай отырмыз. Түркістан облысындағы Төлеби ауданының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Айтуларынша мал жаятын жер болмаған соң, түрт түлікті бағу қиындаған. Ендігі халықтың жанайқайы әкімдік жекешелендірілген жерлерді қайтарып берсе дейді. Толығырақ тілші бейнематериялында.
Бұл Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылы. Мұнда тұрғындар мал бағудан қалған. Себебі жайылым жер жоқ дейді жұрт. Айта кетейік өлкеде өндіріс орындары аз болған соң, халық тек малмен жанбағып отырғандықтарын айтады.
ЕРЛАН БЕКСЕЙІТОВ - ҚАСҚАСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - қолдарында гос актісі бар арнайы, арнайы шешімдері бар. Не халықтың малын жайғызбайды. 30-40-50 гектарлап қоршап алғандар бар. Аудан әкіміне де айтып жатырмыз, ауыл әкіміне де айтып жатырмыз. Біз неше мәрте халықтың атынан ұсыныспен шықтық. Бірақ нәтиже болып жатқан жоқ.
МАҚҰЛБЕК СӘРСЕНБИЕВ - ҚАСҚАСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - біздің ауылдың малы жасыратыны жоқ осы жердегі екі километр жерге барады асфальттің жағасымен. Қайтып келеді. Басқа жайылым жоқ. Ана таудың бәрі жекелер алып қойған. Барлығын алып қойған. Сосын амал жоқ, осы жерде жүреді аш. Бір жерлеріңіз қайда, жайылымдарыңыз қайда деп сұрап жатқан адам жоқ.
Ал Төлеби ауданындағы Көксәйек елдімекенінде кооператив егелері өздеріне тиесілі жерлерді қайтара бастаған. Бұл президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауына орай көтерліген бастама.
ОМАР ЕСМЫРЗАЕВ - ҚАСҚАСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - мына Успеновка елдімекенінде 162 гектар, мынау Сайрам судың бойында 103 гектар, ауылдың бетінде 172 гектар. Барлығын қосқанда 478 гектар. Сөйтіп ауылдық округтің қарамағына өтіп жатыр енді бұл жер.
Төлеби ауданы аумағында 70 мыңнан аса жайылым бар. Мал санына шаққанда 661 мыңгектар жайылым керек. Өткен жылы 8 жарым мың, биыл жыл басынан бері 5600 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Қазір бірқатар өндірістік кооперативтермен меморандум жасап, ортақ жайылым ретінде пайдалану туралы келісім жасалған. Бүгінгі күнге 177 азаматтың 6500 гектар жерді мақсатсыз пайдаланып отырғанын анықталған.
ЛЕСБЕК СЕРІКБАЕВ - ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - жайылым жерлерді басқару схемасын бекітіп алдық. Сол басқару схемасына сәйкес бізде 70254 гектардың 34 мың гектары ауданның ортақы жайылымына кіріп отыр. Халықтың қажеттілігіне қарай сол азаматтардың иелігіндегі жерді біз мемлекет мұтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мүмкіндігі туып отыр бізге.
Әкімдіктегілер Жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың нәтижесі жаман емес екендігін айтады. Бүгінде жертелімін қайтару кезінде даудамай болмаған.