Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Ұлт ұстазы Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ұлы қайраткер қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, араб графикасының негізінде қазақтың төл әліпбиін түзіп, төте жазудың көмегімен «Қазақ» газетін ұйымдастырған. Бүгінде көрнекті қайраткердің құрметіне Қазақстанның көшелері мен мектептері, тіл білімі институты, Қостанай қаласындағы университет аталып,мұражай үйі мен ескерткіші ашылған. Айта кетейік, бүгінгі мерейтой ЮНЕСКО көлемінде тойланып, түйіні өзі туған өлкеде қойылуы керек болған еді. Бірақ дәл той қарсаңында тұтанған алапат өрттің бірнеше күнге созылып кетуіне байланысты шаралар кейінге шегерілді.