Түркістандағы әкімшілік - іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Тұрғын үйлерге сұраныс көп. Баға тұрақты. Облыс әкімі олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті. Облыс орталығындағы 10-ға жуық құрылыс нысанын аралап, мердігерлер мен жауаптыларға әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтты.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Ең алдымен сапаға қойылатын талаптар жоғары. Қажет болған жағдайда құрылыс нысандарына қосымша күш тартылады,- деді облыс әкімі.
Сонымен бірге облыс басшысы Яссы көшесі мен «Отырар» шағынауданын абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Исмаилов көшесіндегі канал мәселесі де тексерді. Қаланы көгалдандыру жұмыстары үшін 15 сектор жасақталған. 2020-2021 жылдағы аудан, қалалар тарапынан тарапынан 70 000 көшет отырғызылған.