Түркістан
EN

Президент игерілмей жатқан 5 млн гектар жерді қайтаруды міндеттеді

102
05.09.2022

Қазақстанда игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауы тиіс деді. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізбек. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына арналған жерлер туралы толық ақпараттың жоқтығына тоқталды. Әр жерде шашылып жатқан деректерді жинақтап, бірыңғай база құру арқылы бұл олқылықты жоюды тапсырды. Сонымен қатар жыл соңына дейін игерілмей жатқан 5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді.