Түркістан
EN

Жетісай халқы газбен қамтылуда

129
05.09.2022

Жетісай ауданы 100 пайыз газбен қамтылатын күн де алыс емес. Ол үшін қазір Қарақай ауылдық округінде Жетісай автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан аудан халқын табиғи газбен қамту мақсатындағы негізгі стратегиялық нысан боп есептеледі. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталып пайдалануға беріледі. Бұл станцияның жобалық қуаттылығы 50 мың текше метр.  Бұл дегеніміз аудан тұрғындарын толық көгілдір отынмен қауқарлы.  

ТҰРАР ТАСТАНОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: « Жалпы жобаның сметалық құны 2 млрд 67 млн теңгені құрайды. Биылғы 1 млрд теңгесі бөлінген. Қалғын қаржылар келесі жылға жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары 2021 ж қыркүйек айында басталған.Аяқталуы 23 жылға.»