Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыға біршама өзгертулер енді. Бұл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кезекті жолдауында айтылған тапсырмалардың бірі. Оның алғашқысы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1 жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылды. Екінші, бала туылғанғанға дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар да мемлекеттік жәрдемақы алады. Үшіншіден, «Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқымен» наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері сараланады. Төртіншіден, мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсететін жеке көмекшілерге 2023 жылдан бастап зейнетақы жүйелері жүзеге асады. Бесіншіден, атаулы көмек алатын отбасылардағы 1 және 6 жасқа дейінгі берілетін әлеуметтік топтаманы монетизацияланады. Сондай ақ, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табысының 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.