Балаларымыз көлшік суда ойнап жүр. Өйткені өрендер бос уақытын өткізетін алаңша жоқ аулада. Шымкент қаласының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Сондай-ақ суағарлар сапалы істелмеген соң жертөлеміз суға толады деп отыр. Пәтерлерін несиеге алған мегаполис тұрғындары тым болмаса сапалы үйде тұрсақ дейді. Толығырақ әріптесім Өркен Мырзабек тарқатады.
Бұл Шымкент қаласындағы Глант хаус Тұрғын үй кешені. Көпқабатты баспана 2015 жылы пайдалануға берілген, Ал қазіргі келбеті мынадай. Ойын алаңшасы болмаған соң бүлдіршіндер шалшық суда ойнауға мәжбүр. Тұрғындардың сөзінше мердігер компания үйді берерде арнайы күзет қойылып, заманауи алаң салынады деп уәдені үйіп төккен екен. Онысы бос әңгіме болып шықты дейді жұрт.
МЕЙІРБЕК УСЕНОВ-ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Ойын алаңшасы жоқ баламыз қайда ойнайтынын білмейді. Садиктен келеді қайда ойнайды мысалға.Мысалға бөлінеді ғой детски площадька. Проектіде бар. Әкім болған соң соны қарау керекта басқа қайда қарайды. Мердігер копания заң бойынша бәрін салып бітуі керек заң бойынша. Білмеймін заң қайда қарайтынын. Құрылыс біткен соң 5 жылдан кейін жкх ға өтуі керек. Сол кезде бір бірін қабылдайтын заңды тұлға болуы қажет. Заңды тұлғалар білмейміз қайда қарап жатқанын. Юридически лицо деген бар мысалға."
Балалар ойын алаңшасының болмағаны өз алдына, мұнда тіпті суағардың өзі дұрыс істелмеген көрінеді. Жаңбырдан соң жертөлеміз суға толып, оны тазалаумен әлек боламыз дейді тұрғындар. Ашынған жұрт несиеге алған пәтерлерімізді тіпті сата да алмайтындықтарын айтады. Себебі мынадай сапасы төмен үйді ешкімнің алғысы келмейді екен.
ГҮЛЗИНАТ ЫРЫСБАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ - Біздің көтеріп отырған мәселеміз біз ешқандай баланста жоқпыз. Мына үйді 20 жылға алғанбыз. Екі домда да 64 64 тен 128 квартира бар. Оның 10 квартирасы чернавой видтте тұр. Енді қалған квартираларын мен білмеймін. Имына 78 китке сатқан мен өз басым сол киттен алғанмын. Айсайын 65 мыңнан төлейміз. Үйдің қазіргі жағдайын көріп тұрсыздар. Кімге барып жалбы жасайтынымызды мен білмейді екенмін.
Мәселенің мән жайын Еңбекші ауданының әкімдігінен сұрап білдік. Сөйтсек бұл көпқабатты үйлер әлі мердігер копанияның меншігінде екендігін айтты.
ЕРКЕБҰЛАН ҚАРАТУНОВ-ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Азаматтарға мәселені қалай шешу қажет, кімге шағымдану қажет түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ал енді үйдің құрылысына сапасына, Еңбекші ауданы әкімшілігі емес, басқа құзырлы мекемелер бар заң аясында соны қарайтын сол мекемелер айналысады. Біз енді мердігер мекемемен шақырып сөйлесеміз. Егер жерді мемлекетке өткізсеңіз балалалар ойын алаңшасын салып беруге бар күшімізді салатын боламыз.
Құжат рәсімдеу ісі де оңай шаруа емес. Ол жөнге келгенше тұрғындардың осы күйді кешетін түрі бар.