Түркістан облысында бір отбасының екі баласы суға кетіп, қаза тапты. Қайғылы оқиға Арыс қаласының аумағындағы Қожатоғай елді мекенінің маңында болған. Үйден шығып кеткен 2008 және 2011 жылы туған екі баланың денесі Сырдария өзенінің көлшіктерінен табылды. Марқұмдардың бірін ауыл тұрғындары тапқан. Ал, екінші жасөспірім баланың денесі таңға жуық табылып, судан шығарылған. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері және қажетті техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ оларға 80-нен астам ауыл тұрғыны көмек көрсеткен.