Түркістан облысында оқудың алғашқы күні 1000-ға жуық полицей оқушыларға құқықтық білім беріп, дәріс өтті. Бұл іс-шара алғаш рет облыс бойынша барлық мектепте қолға аланды. Тәртіп сақшылары бір мезетте жас өспірімдерге есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылық пен интернет алаяқтықтықтан сақтану бойынша сабақ өтіп, бастауыш сынып оқушыларына жол ережелерін түсіндірді.
Мектеп оқушылары арасында қылмыстар жылдан жылға көбеймесе азайып жатқан жоқ. Мұның себебебін полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков бүгінгі заманның мүмкіндіктерімен байланыстырады.Себебі оқушылар ұялы телефон арқылы кез келген зиянды заттар туралы ақпарат алып, тапсырыс бере алады. Ал мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бүгінгі шара енді үнемі қолға алынбақ.
АСЫЛЖАН ҚАЛДАРБЕКОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - бүгін біз осы мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында лекция оқыдық. Ол жерде зорлық-зомбылық,есірткі қылмысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүрді. Оқушылар да өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, жауап алды. Интернет алаяқтық туралы да айттық. Бұл шара осымен ьоқтап қалмайды. Оқу жылы аяқталғанша келіп өткізіп тұрамыз.
Қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішінде жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны жасырын емес. Себебі оқушылар жолда жүру ережесін сақтамай, жолдан жүгіріп өтуге ұмтылады. Осындай оқиғалардың алдын-алу үшін мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге де жол ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, Түркістандық ұстаздар мен ата-аналар тәртіп сақшыларының бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
ШЫНАР ОРАЗБЕКОВА - № 15 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ - Бүгін мына пд қызметкерлері оқушыларға дәріс өтті. Мұндай іс-шаралардың маңызы зор деп ойлаймын. Бастауыш сыныпқа формаларымен кіріп сабақ өткені үлкен әсер қалдырып, жүректерінен орын алды. Бұл балаларды отансүйгіштікке бастайды
Сондай-ақ, өңірде 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Бүгінде шара аясында 650-ден астам мектепке жақын жерге "жасанды кедергілер" "орнатылды. Қалған мектептердің жанына "жол кедергілерін" орнату үшін ұйғарымдар, қалалық және аудандық әкімдіктерге жолданған.