Түркістан
EN

Депутат қант тапшылығына қатысты пікір айтты

190
02.09.2022

Үкіметтің жасанды тірлігі халықты бір қалта қантқа таластырып қойды. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген тапшылыққа кінәлілерді сынап, сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғаринге елдің аманатын жеткізді.  

ЕРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕН  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ  - Біз кеше ғана барлығымыз елден оралдық. Халықпен кездесуде көп сұрақ қойылды. Қиын жылдары қазақ соңғы нанын бөлісіп жеп, қанша халықты аман алып қалды. Соңғы кезде Үкіметтің жасанды тірлігі бір қалта қантқа таластырып қойды. Бұл елден сізге аманат, мұндай жағдайды болдырмауға барлық күшіңізді салып жұмыс істейтініңізге сенімдімін.