Жетісай ауданында 4 мыңнан аса бүлдіршін тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады. Алғашқы білім күніне арналған мерекелік іс - шарада балаларға оқулықтар табыс етілді. Ауданға қарасты №1 Максим Горький мектеп гимназиясының директоры Роза Мұсабекова жеткіншектерді білім күнімен құттықтап, оқуда озат болуын тіледі.
Айта өтейік, Жетісай ауданында адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 80 мектеп жұмыс істейді, оның 72-і жалпы орта, 1-уі негізгі орта мектеп, онда 45 169 оқушы бар. Биыл бірінші сыныпқа 4435 оқушы қабылданған. Ал, оқу тәрбие жұмыстарын 5323 педагог жүргізеді.