Түркістан
EN

ХҚТУ-да екі жаңа лаборатория ашылды

344
01.09.2022

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина кафедрасы лабораториялармен толықты. Жаңадан ашылған анатомия және микробиология бөлмелеріне Түркиядан арнайы құрал-жабдықтар әкелінген. Енді мұнда студенттер дәрістен тыс уақытта да білімін арттырып, ізденіс үстінде болмақ.

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде анатомия және микробиология лабораториялары ресми түрде ашылды. Мұндағы әр лабораторияға 90 мыңнан 180 мың долларға дейін жұмсалған. Игі іске «Тika» түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі қолдау көрсеткен. Ұйым өкілі бұл оқу орнының бекер таңдалмағанын айтады. 

ХИКМЕТ ӨЗДЕНОҒЛЫ - ТҮРІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ - Аударма: Бүгін. Түркиядан келген бауырластарымызбен бірге бас қосып отырмыз. Әрине өте қуаныштымыз. Себебі Атажұртымызға келдік. Өзге елге келгендей емес, өз топырағымызға келгендейміз. Оқу ордасы да жат емес. Мұндағы студенттерді көріп, көзіміз қуанды. Кеудемізді мақтаныш кернеп тұр. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейміз деген ойдамыз. Университет мұғалімдеріне, қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіреміз.

Лабораторияда бір мезетте 50 студентке дейін білім алуға мүмкіндік бар. Онда анотомия микробиологияға қажетті барлық құрал-жабдықтар мен 25 микроскоп, 2 микроб өсіретін инкубатор, және мұздатқыш алынған. Жаңа технологиялардың сапасы күннен күнге артуына байланысты мұндай жабдықтар уақыт өте келе жаңарып отыратындығы белгілі.

ЖЕНГИЗ ТОМАР - Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОР ӨКІЛІ - Түркия университеттерімен байланысымыз бәрі жақсы. Бүгінгі таңда 2 лаборатория ашылды. Біреуі өзіңіз көрген анатомия лабораториясы. Бұдан бұрын да лабораториялар болған. Бірақ 10-20 жыл сайын өзгеріп жаңарып отырады. Біздің «tika» деген мекемеміз түркияның мекемесі көмектесті.. Бұл болмаса медицинада ештеңе болмайды.екеуінде өте заманауи етіп аштық. Келесі аптадан бастап студенттер келіп жұмыс жасап үйренетін болады.

Жалпы медицинада сапалы маман дайындау үшін олардң талапқа сай лабораториямен қамтамасыз етілуі маңызды. Ерекше жағдай жасалған факультет студенттері де қуанышын жасыра алмады. Енді олар жаңа оқу жылында  жаңа құралдармен жұмыс істемек. Сондай-ақ, түрлі микроб түрлерін зерттеп, өсіре келе оның антибиотикке сезімталдығын анықтайды екен. Сол арқылы емдеудің сапасы мен тиімділігін арттырады.

САЯ ОРЫНБАСАР – Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ - Бізде бұған дейін мұндай лабораториялар борлған. Бірақ тек сабақ кезінде ғана қолданатынбыз. Ал қазір өте тиімді жағдай бұл студенттерге арналған жеке лабораториялар. Адамға қауіпті аурудвң бәрі бактериядан болғандықтан оның бюәрін зерттеп көрсету үшін арнайы құрылғылар керек.сондықтан жаңа құрылғылар әкелінді. Жалпы мен ғана емес барнлық студенттер қуанышты.

Сондай-ақ университетке Түркияның әр жоғарғы оқу орнынан жиналған студенттер келді. Олар рухани астамен танысып,қазақстандық жастармен тәжірбие алмасты.