Түркістан
EN

Шардаралық диқандар күріш егіп пайдаға кенелді

286
01.09.2022

Түркістан облысында  ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Бір ғана Шардара ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде ауданда  балық, ет, күріш секілді ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі арта түскен. Мәселен, шардаралық шаруалар күріштің ерекше сұрпын егіп, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне экспорттауда.

Бұл шаруа қожалық биыл 600 гектар жерге күріш дақылын егіпті. Қазір мұнда оны ору, жинау, қайта өңдеу жұмыстары қыза түскен. Шаруалардың айтуынша, жиым-терім жұмыстары нәтижелі жүргізілсе, 1 мың 600 тоннаға жуық ақ күріш өндіруге мүмкіндік бар. 

НҰРЖАН АҚНАЗАРОВ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ІС ЖҮРГІЗУШІСІ - Биыл күріштің төртінші түрін қосып жатырмыз. Лазер, Егемендік деген бар, Лидер деген бар, әленгі деген бар. Төрт түрі. Өңдеп, таза күріш ретінде шығарамыз. Өзімізге кетеді, көрші Өзбекстан, Қырғызстанға кетеді. Көрші мемлекеттерге кетеді. Ірі қалалардың өзіне Алматы, Астана, Қарағанды, бізден алады өнімді. Мысалы Шымкент облысына да кетеді. 

Аталған қожалық күріш егу ісімен 2014 жылдан бері айналысуда. Мұнда жылдан жылға сапалы өнім өндіруге ден қойылған. Алдағы 2-3 жыл көлемінде өнімдерін еуропалық талапқа сай өндіру жоспарда бар. Көршілес Ресей мен Балтық елдеріне шекара асыруға ниетті. Яғни еуропалық стандартқа сай күріш өндіру ісіне ден қоюда. 

НҰРЖАН АҚНАЗАРОВ  ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ІС ЖҮРГІЗУШІСІ - Аудан бойынша 700 гектарға шамалап егеміз. Күніне сорттарына қарап, 9 және 20 тоннаның арасында таза өнім шығара аламыз. Сұраныс бар, біз де өнімнің сапасын жақсартуға күш салып жатырмыз. Жылдан жылға әр нәрсе қосылып, осы сапалыққа көшіп жатырмыз. Тағы бір станок алсақ, сонымен еуро өнімге шығамыз. 

Мұнда күріш егуден өзге мал бордақылау, мал азығын даярлау ісімен  айналысады. Бүгінде қожалық иелігінде 100 бас ірі қара мен 100 бас қазақы жылқы бар. Олардың барлығы дерлік асыл тұқымды етті бағыттағы малдар.