Жылдан жылға Отан алдындағы борышын өтеуге құлықсыздардың саны артып барады. Биыл тіптен биыл рекордтық межеге жеткен. Түркістан облысындағы статистика да көңіл көншітпейді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі аталған мәселеге байланысты соңғы жолдауында арнайы тоқталған болатын. Осыған орай Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырумен жиын өтті. Жиын барысында сөз алған Қарулы күштер Ардагерлер кеңесінің Түркістан облыстық төрағасы Бабай Алдабергенұлы қордаланған түйіткіл жөнінде пікірін білдірді.
БАБАЙ АЛДАБЕРГЕНОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Біздің мақсатымыз жастармен жұмыс істеу. Бірер күнде қарулы күштер қатарына шақыру басталады. Қыркүйектен бастап. Сөйтіп өз еркімен мен әскерге барам дейтін ер азаматтардың саны өте аз боп жатыр. Бара бара төмендеп бара жатыр. Оған ықпалын тигзетін жайттар көп. Қарулы күштер қатарында болып жатқан . Бірақ ол кем де кем. Бұл мәселенің 5-10 % ғана қарулы күштер қатысты ал қалғандары әлеуметтік жағдайына байланысты. Кредиттерімен қарыздарын төлей алмауы деген сияқты. Қазіргі жастардың психикасы өзгеріп кеткен. Сәл қиындыққа ұшыраса өзін өзіне қол жұмысауға дайын тұрады.»