Түркістан
EN

Отырар ауданында Конституция күні тойланды

268
01.09.2022

«Ата Заңым-айбарым». Дәл осындай атаумен Конституциясының 27 жылдығына арналған Отырар ауданында салтанатты жиын өтті. Cалтанатты шараның шымылдығы тарихи сахналық қойылыммен түрілді. Тәуелсіз Қазақстанның Ата заңы хандар құрған дала заңдарынан бастау алады-дейді қойылым авторы.

Көпшілікті жігерлендіріп, ерекше рух сыйлаған көріністен кейін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов жиналған халықты мерейлі мерекемен құттықтады. Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды-деді аудан басшысы. Одан соң ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ азаматтар аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының  концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

СӘКЕН СҰЛТАНХАНОВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Ата Заңымыз Конституция егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды. Ата Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді".