Түркістан
EN

Солтүстік өңірде тұрғындар жыл санап азайып келеді

120
31.08.2022

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тұрғын саны жыл санап азайып келеді. Бұл өз кезегінде жүздеген ауылдың қаңырап бос қалуына себеп болмақ. Сондықтан мемлекет оңтүстік жұртын теріскейге көшуге шақыруда. Қоныс аударушыларға жасалатын көмекте аз емес. Түстікке қоныс аудару кімге және не үшін қажет? Қытымыр қысынан қалай сақтануға болады? 

Солүтсік Қазақстан облысы. Еліміздің ең шырайлы өңірлерінің бірі. Таяқ тықсаң тал шығатын қасиетті мекен орманға бай. Қазақстанда 15-Ақ Пайыз Орман Болса, Сол 15 Пайыз Осы Солтүстікте.

Тың топырақтың түсіне дейін «маған тыңайтқыш керек емес» деп айқайлап жатқандай. Бірақ, қазынаны көмік жатқан құнарлы жердің көбі бос жатыр. Неге? Себебі, ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғын саны аз. Бір ғана СҚО-да халық саны 500 мыңнан әрең асады. Бұл Түркістан облысындағы мектепке баратын оқушылардың санымен бірдей. Теріскейге қоныс аударушылардың да ұтымды жағы осы. Яғни, оңтүстіктегідей егін егу алқабын алу мұнда қиын емес. Сөзімізге дәлел Жамбыл облысынан түстікке көшіп келген Тортаевтар әулеті. Үйдің отағасы « - ешқандай техникам болмасада, картоп егуге мемлекет 10 гектар жерді тегін берді» деп отыр. 

ТИМУР ТОРТАЕВ – МАМЛЮТ АУДАНЫ, БЕЛОЕ АУЫЛЫНҢ ТҰРҒЫНЫ - Егінге расход 60 мың теңге болды. Ертең құдай қаласа килограмын 150 теңгеден сатсақ 700 мыңда қаржы пайда қалады. Личный жұмысы жоқ. Тек шөбін жұлдық болды. 

Жердің құнарлығынан бөлек, мұнда өнімді қолдан суарудың керегі жоқ. Еккен өнім жаңбырдың көмегімен-ақ бой көтереді. Тек қана алқапты арам шөптен тазартып отырсаңыз жеткілікті. Тимур техникасыз 10 гектар жерді тегін алып отырса, үлкен шаруа қожалықтарына мыңдаған гектар жерді ешқандай қиындықсыз алуға мүмкіндік бар. 

Солтүстікте ауыл шаруашылығынан бөлек кез-келген кәсіпті дөңгелетіп кетуге болад. Себебі, ешқандай бәсекелестік жоқ. Бірақ, тұтынушы жетерлік. Мәселен, Сарағаш ауданынан қоныс аударған Сабыржан есімді азамат тез тамақтану орынын ашқан. Аядай ғана дүңгіршекте ол күніне 30 000 теңгеден жоғары пайда көретінін айтады. 

САБЫРЖАН МАЖИТОВ – ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Мемлекет жақтан сіздерге де үй беріледі. Қорықпай келе беріңіздер...

Иә, кәсіп істеймін деген жанға мұнда мүмкіндік жетерлік. Егер, бизнес бастауға қаражатыңыз жетпей тұрса, несие алудың керегі жоқ. Өйткені, мемлекет сіздің бизнес жоспарыңызға қайтарымсыз 1 200 000 теңге қаржы құяды. Кәсібіңіз алға жылжып, кеңейтуді қаласаңыз жеңілдетілген несие алуға да мүмкіндік бар. 

Бүігінде теріскейдегі мектептерде маман тапшы. Яғни, педогогикалық білім алып, жұмыс таппай жүрген болсаңыз Солтүстік сізге таптырмас өңір. Дәрігер, мұғалім секілді мамандық иелеріне берілетін субсидия көлеміде жоғары мұнда. Осындай мол мүмкіндіктен қапы қалмай, дипломы арқылы жұмысқа кірген тағы бір кейіпкеріміз Перизат Маханова. Ол Сергеевка қаласының оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді. 

ПЕРИЗАТ МАХАНОВА – МҰҒАЛІМ - Келе сала жолдасыма да, жұмыс ұсынды. 

Солтүстік орманды өңір болғандықтан мұнда ауа өзге облыстардан қарағанда едәуір таза. Сондықтан да болар, қоныс аударушылардың көбі созылмалы ауруларымыздан айығып кеттік деп отыр.