Базардағы алапат өрттің кесірінен келген шығын 8 млрд теңгегеге жуықтады. Арнайы комиссия жапа шеккендер шығынын есептеу жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ шығынды есептеу бойынша комиссия құрамына кәсіпкерлер арасынан белсенді азаматтар кірді. Айта кетсем, базардағы кәсіп иелеріне келген шығындарды өтеу мақсатында қор ашылған болатын. Қазір өңірдегі өзге кәсіпкерлер «Күлпаршын» базарында болған өртте тауары өртеніп кеткен саудагерлерге моральдық-материалдық көмек беруге әзір екендіктерін жеткізді.
МҰРАТ ҚАДЫРБЕК – ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен базардың жаңа жобасы жасалып жатыр. Сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынатын болады. Жақын күндері кәсіпкерлер барлық өрт қауіпсіздігі сақталған жаңа базарға кіреді.жалдамалы жұмысшылар, ерікті азаматтар атсалысуда. Одан бөлек, базарда сауда жасаушы кәсіпкерлер де асарға көмекке келуде.