Түркістан облысында ауылдық жерлер көгілдір отынмен толық қамтылмаған. Шалғай жерлерде қыз-келіншектер ошаққа тамақ, тандырға нан жабады. Мәселен, Келес ауданының тұрғыны, көп балалы ана Бибігүл Абдуллаева тандыр пеш жасап, пайда тауып отыр. Кез-келгеннің қолынан келе бермейтін өнерді кәсіп еткен келіншекпен тілшіміз тілдесіп қайтты.
Бибібгүл Абдуллаева тандыр пеш жасауды өзінің ата кәсібі деп біледі. Келін болып түскен кезде қайынатасы тандыр жасаумен айналысып, соны күнкөрісіне айналдырған екен. Қазір оның жасаған тандырын тек Келес ауданындағы елді мекендер емес, Шардара, Жетісай, Сарыағаштан келіп алып кетеді. Тіпті Ресейде тұрақты тапсырыс берушім бар дейді. Саздан жасалған жұмысының да түрлері көп екен.
БИБІГҮЛ АБДУЛЛАЕВА – ШЕБЕР: «Айырмашалығы пекарный нандар.Бұлар заказ тандырлар болады.Міне мынадай үйге істенлінеді. Бұлар бөлек. Санында айырмашылығы.Бізге мынанша сандығы керек десе, сол заказбен істей береміз. Например ауылда 15-20нандық тандыр көп сұраныста».
Тандыр пеш жасаудың да өзіндік қыр-сыры, қиыншылығы бар. Бір күнде 7-8 тандыр қалыбын әбден илеуі қанған лайдан жасайды. Оның толық кебуіне 5-6 күн кетеді екен. Сапалы тандыр жасау үшін сары, қызыл топырақты пайдаланамын дейді кейіпкер. Бір тандыр пештің бағасы сапасына қарай 6-8мың теңгеден аса бағаланады. Шебер кәсібін кеңейткісі келетінін алға тартты.
БИБІГҮЛ АБДУЛЛАЕВА – ШЕБЕР: «Спрос көп.Осы саланы дамытып, бұдан жастарды да осы жұмысқа үйретіп, жұмыспен қамтысам. Үйретсем осы кәсіпті, осы Қазақстанды дамытып, бір жерде емес еліміздің 10-15 жеріне істесек те Ресейге дейін спросқа ие. Тек қана менде емес».
Кәсіпкер 3 жыл бұрын атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қатысып, 800 мың теңге мемлекеттен көмек алған. Дайын тандырларды базарға жеткізу үшін көлік қажеттілігі туындаған соң, төмендетілген несие алып, бұл мәселені де оңтайлы шешіп алған.