Түркістан
EN

Шымкентте оқ дәрі мен атыс қарулары жасырылған орындар анықталды

97
31.08.2022

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды тапты. Мұны сақшылар «Қару» жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Онда екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша мен Калашников автоматы бар. Сондай ақ, «Сайга» тегіс ұңғылы, «Бенелли» аңшылық мылтығы мен дене бронды жилеті тәркіленді. Аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қаруды жасырған азаматтар анықталып жатыр.