Түркістан
EN

Жетісайда 6 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

81
30.08.2022

Жетісайдан жеткен тағы бір хабар. Қоймадағы Кассадан 6 млн теңге жымқырған жас жігіт қамауға алынды. Күдіктінің бұрын сол жерде жүк тасушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол түстен кейін өзіне жақсы таныс қойма ішіне еркін кірген. Сосын жасырынып, жұмысшылардың үйіне қайтқан сәтін күтіпті. Ешкімнің қалмағанына көзі жеткен ұры кассаға өтіп, 6 млн теңгені сөмкесіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда бейнебақылау камерасы барын ұмытып кетсе керек. Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Одан айғақты зат ретінде 1 жарым млн теңге алынып, иесіне қайтарылды.