Түркістан
EN

4 жүлдені иемденген спортшы туған жерге оралды

121
30.08.2022

Исламиадада 4 жүлдені қанжығасына байлаған Аделаида Пчелинцева  туған  жеріне  оралды. Жерлесімізді  жанкүйерлері  ыстық  ықыласпен  қарсы  алып,  құрмет  көрсетті. Спортшы  эстафеталық жүзуден қола және күміс алқаны олжалады.  Талантты  спортшы  қыздың  қоржынында  50 метрлік брасс әдісінде алтын медаль бар  болса,  100 метрлік  қашықтықта аралас эстафетада  күміс алқаны иеленді. Осылайша ел қоржынана   төрт  бірдей  жүлде  сыйлады. 

АДЕЛАИДА ПЧЕЛИНЦЕВА - ЖҮЗУ СПОРТЫНАН V ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНЫҢ  ЖЕҢІМПАЗЫ  - Түркістан облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшысы Қанат Жолдықараев  Жеңімпаз спортшыны  қабылдап,   жеңісімен  құттықтады. Спортшы Денис Жәрменов  басқаратын Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.  Енді  Париж  олимпиадасына  қатысу  үшін  өтетін  бірқатар  лицензиялық  турнирлерге  қазірден  дайындықты бастамақ.