Жетісай ауданының тұрғындары түнді ұйқысыз өткізді. Түнгі сағат үштер шамасында басталған өрт таң атқанша жанған. Куәгерлердің айуынша өрттен базардың сексен пайыздай жері жанып кеткен. Негізінен сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған. Жалын тек таң атқанда ауыздықталған. Өңірдің төтенше жағдай департаменті әзірге ресми ақпарат таратпады. Өрттің нақты неден шыққаны да белгісіз. Қазір саудагерлер базар әкімшілігінің алдына жиналып, келтірілген шығындарын өтеп беруді талап етуде. Полицейлер болса қоғамдық тәртіпті қадағалауда.