Түркістан
EN

Мақтарал ауданында түйе басы артып келеді

78
30.08.2022

Мақтаарал ауданында жыл санап түйе басы артып келеді. Бүгінде шаруалардың иелігінде 500-ге жуық өркешті жануар бар. Ыстыққа төзімді түлікті баптап отырғандардың бірі -  Мулкаман шаруа қожалығы. Оның тыныс тіршілігі жөнінде әріптесім толығырақ айтып берсін. 

Бұл шаруа қожалық бастапқыда бірнеше боталы түйе сатып алған. Қазірде саны 25-ке жетіпті. Шаруа оның шұбатын саудаға шығарады. Күніне орта есеппен 25-30 литр әзірленеді екен. Одан бөлек үй жануарының етіне де сұраныс көп көрінеді.  

САЙЛАМБАЙ МУЛКАМАНОВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ - Күзді күні шөпке тояды. Шөп тұқымдап піскен кезде семіреді. Енді сұраныс болса сойып бере береміз. Түйенің етін сұрайтындар болады. жілік толтырамыз сойып береміз. Көп емге түйенің жүнін, мачасын, сүтін, қымыранын алып жатады. 

Қожалық иесінің айтуынша, бұл малдың өзге жануарлардан ерекшелігі көп. Мәселен, өз несібесін даладан тауып жейді. Яғни, үй жағдайында уақытылы жеп-шөп беру, деп әбігерге түсудің қажет жоқ. Тіпті жайылым мәселесі де қатты алаңдатпайтындығын айтады. 

ЖАРҚЫНБЕК МЫРЗАЛИЕВ - МАҚТААРАЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ - Жайылым мәселесі өзіміздің аудан бойынша мың гектардан астам жайылым жеріміз бар. Жетпегендер Сарыағаш ауданынан, Келес ауданынан, Шардара ауданынан жайылым жер сатып алып сол жерге малдарын ұстап жатқан шаруалар да бар. Көктемгі күні малдарын алып барып күзге дейін ұстайды сосын күзде қайта өзімізге алып келеді.

Жергілікті ауыл шаруашылық мамандарының дерегінше, ауданда 40 мыңнан астам ірі қара бар. Ал ұсақ малдардың саны 60 мыңнан асады. Жылқы басы 9 мың, өркешті жануарлар 500-ден асады.