Түркістан
EN

Алматыда полицейлер дәретханада жатқан жаңа туған нәрестені құтқарып қалды

163
26.08.2022

Алматыда полицейлер дәретханада жатқан жаңа туған нәрестені құтқарып қалды. 

Жаға ұстатарлық оқиға Түрксіб ауданында болған. Түнгі сағат екіде полицияға суыт хабар келіп түскен. Оқиға орнына барған сақшылар дәретхана бетіндегі ағаштарды сындырып, сәбиді құтқару үшін төмен түскен. Сосын нәрестені абайлап көтеріп, қызметтік көйлегіне орап, сыртқа алып шығыпты. Мұнан әрі дереу дәрігерлерге тапсырыпты. Бала қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал оның анасы кәмілет жасына толмағаны анықталды. 17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, ол қызының жүкті болғанын білмеген.

НҰРЖАН ШАТУНОВ - ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ПБ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ, АУДАРМА: Бізге қоңырау түскенде бірінші үйге барып, дәрігерлер және анасымен сөйлестім. Ол түсік тастады деген соң, бірден дәретханаға жүгіріп бардым. Сол жердегі қан іздерін көрдім. Әріптесім Ғазиз тақтайшаларды алып тастапты. Сосын көйлегіне нәрестені орап шығарды. Сәбидің жылаған даусын естігенде қуанып кеттік.