Түркістан
EN

Түркістанды теріскеймен жалғайтын тас жолдың жыры бітер емес

203
26.08.2022

Түркістан облысын Теріскеймен жалғайтын жалғыз тас жолды жұрт қазір осылай атап кеткен. Себебі, шұрқ-тесік. Салдарынан көліктер көп сынады. «Жарты сағаттық жолды жарты күн жүреміз» деп налиды амалы таусылған жүргізушілер. Ширек ғасырдан бері жөндеу көрмей келе жатқан жолдардың жыры қашан бітеді? Жұрт жол азабын әлі қанша жыл тартуы тиіс. 

Сабырхан Дәріпбайұлы Созақ ауданының тумасы. Түркістаннан шыға берістегі осы жолмен жүргеніне 25 жылдан асқан. Қара жолға шыққан сайын басымды бәйгеге тігіп шығамын дейді. Өйткені бұрынғы асфальттің беткі қабаты ау¬дары¬лып-төңкерілген күйі ойлы-шұңқыр болып қалған. Қаратаудың күнгейіне адам тасып нәпаха табатын азамат, дәл осы қара жол қалыпқа келеді дегенге сенбейді.  

САБЫРХАН ДӘРІПБАЙҰЛЫ- ауыл тұрғыны - Айналдырған 6 минутың ішінде камерамызды көрген автөкөлік иелері өздері тоқтады. Барлығының базынасы бір. Жол нашар, сапа сұмдық.

Жолды орташа жөндеуден өткізуі тиіс мердігер 2020 жылы 7 шақырым жолдың беткі қабатын қырып, одан кейін жұмысын тоқтатқан. Себеп - құрылыс материалдары қымбаттап кеткен. Осыдан кейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мердігер мекемемен келісім-шартты үзіпті. Жол активтері ұлттық сапа орталығының мәліметінше, Түркістан мен Кентау тас жолының Ащысайға дейінгі аралығы енді 2 жылдың ішінде жөнделеді. 

ДАНИЯР КАМАЛОВ- ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ - Осылайша жырым-жырым болған жолдың биыл аяқталмайтыны түсінікті болды. Яғни жүргізушілер келер жылы да азапқа толы жолмен жүруге мәжбүр болмақ. Айта кетсем, биыл өңірде одан бөлек ұзындығы 760 шақырымдық облыстық және 109 шақырым аудандық маңыздағы жолдарға жөндеу жүргізу жоспарланған болатын.