Түркістан
EN

Жетісайлық ата-ана 2 баласын құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен

169
26.08.2022

Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жастағы қыз бен сәби қалып қойған. Оны байқаған тұрғын полицияның кезекші бөліміне бірден хабарласады. Оқиға орнына жеткен құзырлы орган өкілдері тиісті тексеріс жүргізген. Балалардың ата-анасын анықтап, жауап алды. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар 10 минут бұрын диагностикалық орталыққа кезекке тұруға кеткен. Бұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбас үшін тәртіп сақшылары  оларға түсіндіру жұмысын жүргізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.

БАЛАЛАРДЫҢ ӘКЕСІ – Гүлбаршын диагностикасына өзімнің келіншегімді көрсетуге алып келген болатынмын. Сағат 12:50 шамасында. Автокөлігімде үлкен қызым мен кішкентай ұлым қалған болатын. Екінші қабатқа келіншегімді алып шығып дәрігердің қабылдауына қалдырып төменге түстім. Автокөлігіме барсам, кішкене халықтың шоғырлануына байланысты үлкен қызым қорқып кішкене жылаңқырап, кішкене түсінбеушілік жағдай орын алыпты. Өзімнің ұл мен қызымды бақылауға алып барлығын өз қолыма бақылауыма алдым.