Ішкі істер министрлігі есірткіні насихаттайтын әншілер мен рэперлерге ескерту жасады. Өйткені жыл басынан бері тиым салнған заттардың жарнамасын жасау бойынша 79 қылмыстық іс тіркелген. Олардың ішінде эстрада жұлдыздары да бар. Тәртіп сақшыларының айтуынша, енді есірткіні насихаттайтын музыкалық топтарды полиция бірден анықтайды. Яғни реперлердің мәтіні арнайы сараптамадан өтеді. Мәселен, танымал SHIZA және басқа да топтар рэп оқығанда марихуананы қалай пайдаланғанын айтқан. Ал бұл бойыша қылмыстық кодексте 3 жылдан 6 жылға дейін жаза қарастырылған. Одан бөлек полицейлер әлеуметтік желіні бақылап отыратынын айтты. Жалпы биыл есірткіні жарнамалайтын 1600 сайт, ал былтыр 5 мың сайт бұғатталған. Сондай-ақ 4 мыңнан аса граффити жазу өшірілген.