Түркістан
EN

Мемлекет басшысы іссапармен Әзірбайжанға барды

121
25.08.2022

Түркістан мен Шуша бауырлас қалалар атанды. Тиісті құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қол қойды. Айта кетсем, Шуша қаласының Түркі әлемі үшін маңызы зор. Бұл қала әзербайжан халқының мәдениетінің, тарихының және өзіндік ерекшелігінің символы болып есептеледі. Әзірбайжанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы әзербайжандық әріптесіне шақыртуы үшін алғыс білдіріп, қол қойылған бірқатар маңызды құжаттар қазақ-әзербайжан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Ильхам Әлиев те өзінің шақыруын қабыл алып, Әзербайжанға ресми сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президентінің Бакуға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ Тоқаев Ильхам Алиевті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Бұл Әлиевке екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін табыс етілді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – Аса құрметті президент мырза. Мен бүгін ресми сапармен келіп отырмын. Президент ретінде бұл алғашқы сапарым. Сапар кезінде бірқатар маңызды мәселелер туралы пікір алмасу болады. Өте маңызды құжаттарға қол қоймақшымыз. Сондықтан бұл сапар екі еліміз арасындағы қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа үлкен серпін береді. Сізге ризашылығымды білдіремін, қонақжайлығыңызға. Рахметімді айтқым келеді.