Түркістанда жеңіл автокөліктен шолақ мылтық табылды. Түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері «Skoda Superb» маркалы көлігін тоқтатқан. Оның негізгі себебі жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпауы. Десе де, көлік ішін тінту барысында қосауызды 16 калибрлі мылтық табылды. Оқиға Түркістан қаласындағы Жібек жолы көшесінде түнгі 21:40 шамасында болған. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шақыртылған. Айғақты зат ретінде табылған қаруға сот баллистикалық сараптама тағайындады.
ЖАНДОС ДӘУРЕНБЕК – ТҮРКІСТАН ҚПБ АНЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ АНЫҚТАУШЫСЫ - Қазіргі таңда күдікті ретінде тоқтатылған автокөлік айып тұрағына қойылған. Бұл бойынша Қр Қылмыстық Кодексінің 287 баббаынң 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп—тексеру басталған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.