Диплом шығаратын зауыттарды жабу керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай дейді. Оның айтуынша қазір Қазақстандағы жосықсыз университеттерге қатысты 15 іс сотта қаралып жатыр екен. Алайда бұл жоғары оқу орындары жабылатынын білдірмейді.