Түркістан
EN

Түркістан облысында Конституция күні тойланады

122
25.08.2022

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 27 жыл. Атаулы күнге орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік жиындар өтеді. Олардан Түркістан облысы да қалыс қалмақ емес. Сала мамандары айтуылы датаға орай 100-ден аса шара өткізуді жоспарлап отыр.    Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, барлық аудан қалада қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Одан өзге, кітап, фото көрмелері көрермен назарына ұсынылады.  Мереке қарсаңында орталық көшелерге арнайы жарнамалық тақтайшалар орнатылады.

АҢСАР ӨСЕРБАЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - 25-27 тамыз аралығында осы 3 күннің ішінде барлық ауданда мерекелік шараны өткізу жоспарланып отыр. Қазір әр аудан өзінің өткізетін орындарын бекітіп, мерекеге орай өз саласында жетістікке жеткен азаматтарды марапаттау шаарсы жүргізілетін болады. Мынау жастар арасында дөңгелек үстелдер, Конст күніне орай ардагерлер арасында аудандық облыстық турнир өтетін болады.