БАЛАҢЫЗДЫ ӘСКЕРГЕ ЖІБЕРЕР МЕ ЕДІҢІЗ?
Былтыр елімізде 215 мың азамат мерзімді әскери қызметке шақырылуы керек болған. Алайда Отан алдындағы борышын өтеуге 32 мың адам ғана аттанған. Тепсе темір үзетін жігіттер сарбаз атануға неге асықпайды? Ата-ана неге баласын әскерге жіберуге қарсы? Осы сұрақтардың жауабын Түркістандық тұрғындардан сұрап көрдік.