Күзден бастап қант бағасы арзандайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай болжам жасады. Ведмостваның мәліметінше, қант тапшылығы мен бағаның өсуі Қазақстанға Ресейдің қант жіберуіне байланысты. Жағдайды тұрақтандыру үшін қазақстандық қант зауыттарына 350 мың тонна шикі құрақ қантын әкелуге квота бекітілген. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды едәуір тұрақтандыруға әсер етеді министрлік. Сондай-ақ ведмоства еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қант өндірісінің дамуына сенімді. Одан бөлек биыл 1 қыркүйекте Ресейде қант экспортына тыйым салу мерзімі аяқталады. Яғни күзге қарай елімізге қант жеткізу жұмыстары тұрақталап, нарықтағы ұсыныстың көбеюіне байланысты баға да төмендейтін болады.