Түркістан
EN

Шымкентте 200 адам шақырылған той тоқтатылды

121
08.07.2021

Шымкент қаласында мобильді топ мүшелері 200-ден астам қонақ жиылған думанды тойды тоқтатты. Тәртіп сақшылары той иесі мен мейрамхана қожайынын әкімшілік жазаға тарту үшін тиісті хаттама толтырды. Айта кетсем, мегаполис қазір «қызыл аймақта». Өткен тәулікте 130-ға жуық адамнан қауіпті инфекция табылды. Сондықтан өңірде коронавируспен күрес шаралары күшейген. Бірақ карантиндік талаптарға шекеден қарағандар азаяр емес дейді мамандар.