Созақ ауданыныда әйел адамның құжатымен көлік басқарған жүргізушіні ұстады. Аталған жайт Республикалық қауіпсіз жол іс-шарасы барысында анықталды. Көлік айыптұраққа жөнелтіліп, жалған құжат иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Толығырақ тілшіміз Айдос Игіліков әңгімелейді.
Сап түзеп, ұзын сонар тұрған бұл пагондылар Созақ аудандық ПБ қызметкерлері. Теріскейдің тыныштығын сақтап, жүргізушілердің жол жүру ережесін қадағалау басты міндеттері. Бүгін олар аудан орталығында жүйіткіген көлік тізгіншілеріне ескертпе қағаздар мен жолда абай болуды ескертті.
Бір ай ішінде 655 жол жүру ережесі бұзылған. Бұл «Қауіпсіз жол» республикалық шұғыл-алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. Ал Полиция бөлімі бастығының орынбасары Ержан Нұрғазиев рейдтің басты мақсаты жол-көлік оқиғаларын болдырмау дейді.
ЕРЖАН НҰРҒАЗИЕВ- СОЗАҚ АПБ Бастығының Орынбасары - Біздің іс шара жалғасты. Қызметтік көлікпен аудан орталығын аралап келе жатып, артқы шамдары жанбаған неміс автокөлігі обьективке ілікті. Инспекторлар құжатын тексеру барысында, жүргізушінің көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Ол әйелінің құжатын ұсынған.
Айта кету керек жыл басынан бері Түркістан Облысында жол көлік оқиғасы 385 тіркелді. Соның салдарынан 127 адам мерт болған. Сондықтан полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда қырағы болып, жол жүру ережелерін қатаң сақтаулары сұрайды.