Түркістан
EN

Жетісайлық шаруа анар өсіру ісін дамытып жатыр

148
24.08.2022

Жетісайлық шаруалар тек қауын, қарбыз мақта ғана емес, анар өсіруді де қолға алған. Сондай азаматтардың бірі Нұржігіт Мекенбаев. Күнгей өңірдің тұрғыны анарды алғашында тәжірибе ретінде егіп көріпті. Кейіннен мұнысы тәп-тәуір табысқа шығарған. Өйткені сұраныс жоғары, ал ауданда бұл іспен айналысатындар некен саяқ.  Алқапты абат баққа айналдырғандармен тілшіміз тілдесіп қайтты 

Әбдірахман Асанов Жетісайдағы «Ережеп» шаруа қожалығына төрағалық етеді. 11 гектар жеріне биылдың өзінде  жоңышқа, мақта, қырыққабат пен қауын-қарбызды да егіп көрген. Жүзімді де сұраныста деп,  1 гектар жеріне отырғызыпты. Әйтеуір бірінің жыртығын екіншісі жамап маусымды сәтті аяқтағалы тұр. 

ӘБДІРАХМАН АСАНОВ – «ЕРЕЖЕП» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: « Қиындықтар енді биыл ауа-райы онша болмады. Соған енді жүзімдері сәл-сәл шірітіп алдық. Қауын да ектік.Биыл қауын қарбыздың қарқы жақсы болды ғой биыл. Су да жақсы бізге.Достық каналаының бойында тұрамыз. Су жақсы болды, мол болды биыл. Жерімізге су насосбен шығады ғой. Сол насосбен ишыққан кейін сәл қиындау болды. Ол насос союзда қалып кеткен снаток-500 деген тұр. Сонымен суарып отырмын 300 гектардай жер су ішеді. Ол насос ескірді. Запчастары табылмай жатыр. Одан кейін әркім өзі китайский насосдар қойып суарып жатырмыз. Электрлі насос қойпы берсін деп айттық». 

Егістік алқапты тәжірибе алаңындай көрген келесі диқан Нұржігіт Мекенбаев.  Қосымша басқа қожалықтармен бірігіп 32 гектарға екпегенім жоқ дейді кейіпкеріміз. Соның ішінде ерекшесі анар жемісі.  Күтімді қатты қажет ететін анардың саудасын базарда қызғанын көріп, қызығушылығы артыпты. Жеміс бермей қалады ма деп әзірге жарты гектар ғана жерге көшетін отырғызған. Мемлекеттен қолдау барда, уайым жоқ дейді шаруа 

НҰРЖІГІТ МЕКЕНБАЕВ – ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Жеңілдік солрякаларын алып жатыфрмыз. Жеңілдік цилитраларын алып жатырмыз. Уақытылы кейде сәл кештеу келіп жатады. Лизингке трактор алынған осы шаруа қожалығын жүргізетін 3-4 тракторымыз бар. Соның ішінде 2 трактор лизингке алынған». 

Биыл субсидия алу ісі онлайн жүргізілген. Осының арқасында шаруалар құжат жинап сенделмейтін болды. Бұл Сыбайлас жемқорлықтың да жолын кесуге сеп болмақ. Алайда , ауылдағы ағайын ғаламтор арқылы жұмыс істеуден біршама қиналған.  

НҰРБОЛ КӘРІБАЕВ – МАҚТАЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ: «Ол бір шаруада бар, бір шаруада кілтін иаштырады, басқа қылады.Өтінім беру өздеріне байланысты. Енді қазір біздің ауыл шаруашылығында 2 коопертив бар. Солар тиісті жұмыстарын жүргізіп жатыр». 

Қазіргі таңда, Мақталы ауыл огругінде  8385 гектакр жер бар. Майдаланған 745  шаруақожалығы болса,  іріленгені 130 шаруа қожалық  қарқынды жұмыс істеп тұр.