Түркістан
EN

Түркістанда атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген

720
23.08.2022

Түркістан облысында атмосфералық ауаның ластануы 65 пайызға төмендеген. Бұл экологиялық ахуалдың жақсарғанының дәлелі. Себебі өңірде көгалдандыру, газдандыру мен орман алқабының саны артуда. Бұл туралы өңірлік табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуалиев  мәлімдеді. Осы мақсатта  «Жасыл Қазақстан» жобасы аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы өңірде 5 жыл көлемінде 1,1 млн ағаш көшеттері отырғызылған. Одан өзге, 831 елді мекеннің 55 пайызға жуығы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 467 елді мекенге табиғи газ қосу жоспарлануда.