Түркістан
EN

Облыста 254 мың гектардан 471 мың тонна өнім жиналды

81
23.08.2022

Облыста 254 мың гектардан 471 мың тонна өнім жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7 центнерге жоғары. Көкөніс пен бақшадан 2,8 млн. тонна өнім жиналса, 112,6 мың тонна жеміс-жидек терілген. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша биыл 8,4 мың гектарда 3000 жоба іске асты. Бірінші, екінші өнімнен 230 мың тонна көкөніс алынған. Жалпы биыл мемлекет тарапынан күзгі жиын – терімге 48 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. Агроқұрылымдарға литрі 200-202 теңгеден беріліп жатыр. Бұл нарықтық бағадан 15-20% төмен. Одан бөлек,  522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50%-ын субсидиялауға бюджеттен қаржы бөлінді. Өңір басшысы жиын-терім кезеңінде жұмыстарды сапалы атқарып, шаруаларға қолдау көрсетуді тапсырды.  

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  – Биыл ауыл шаруашылығы саласында көрсеткіш жоғары. Жетістіктер жылы болып тұр. Көп жұмыс атқарылды. Бұл – осы саладағы азаматтардың, халықтың еңбегінің жемісі. Енді осы жетістікке жету жолын үйрету үшін шаруаларды жинап, семинар өткізу керек. Көкөніс, бидайға қатысты семинар өткізіп, тәжірибемен бөліскен жөн. Егістік басына апарып, техникалар мен технологияларды көрсету арқылы жұртшылықты ауыл шаруашылығына қызықтыра аламыз.