Түркістан
EN

Жеті жүз мыңға жуық түркістандықтың банкте несиесі бар

106
22.08.2022

Түркістан облысы тұрғындарының 690 мыңнан астамында несиелері бар. Оның ішінде 111 мыңнан астам азаматта 3 айдан астам уақыт төленбеген несиелері анықталды. Бүгін осы орайда азаматтардың банкроттығы жайлы Түркістан қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің конференциясы өтті. Шараға  жеке тұлғалар, қаржылық кеңесшілер және сот орындаушылар қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында мамандар бүгінгі таңда  Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасының түсіндіріліп, қарапайым тұрғындардың пікірі тыңдалды. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйенсек, банкроттықтың салдары болады, мәселен, ондай адам бес жыл ішінде жаңа қарыз, несие ала алмайды, жеті жыл өтпей өзін тағы да банкрот қылып жариялай алмайды, банкрот болғаннан кейін үш жыл ішінде оның қаржылық жағдайы бақылауда болады.