Шардарада сабақтан тыс қосымша білім алуға байланысты семинар өтті. Онда үйірмелер мен секция жұмыстары жайы талқыланды. Жиынға 50-ден аса адам қатысып, ұсыныстарын ортаға салды. Әр баланың қарым қабілетіне қарай үйірме жұмыстарын көбейтіп, оны бәсекеге қабілетті ортаға қарай бейімдеу қажет екені айтылды. Өйткені, бұл - білім саласы мамандарының алдында тұрған басты міндет.