Түркістан
EN

Ауылшаруашылығы техникаларына жеңілдетілеген несие берілуде

104
22.08.2022

Шымкент қаласында Қазагроқаржы акционерлік қоғамы Шаруаларға жаңа тракторлар берді. Тегін емес әрине, жеңілдетілген несиеге. Бұл да болса , ескі құсқы техниканы жөндеп әбден шаршаған шаруаларға көмек болары анық. Анық қанығын әріптесім Өркен мырзабек айтып береді. 

Оралбай Омаров 10 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа төрт түлігін семіртіп баптау үшін табиғи шөп өсіретіндігін айтады. Оның 320 гектар жері бар. Бүгін алып отырған жаңа трактор жұмысымызды едәуір жеңілдетеді деп отыр.

ОРАЛБАЙ ОМАРОВ ­- ШАРУА - Менде сиыр бар, Жылқы бар. Осы малды семірту үшін табиғи шөп егеміз. Бүгін мына жаңа тракторды алып жатырмыз. Рахмет бізді қолдап жатқанына.

Айта кетейік шаруалар тракторладың құнын 10 жылдан соң толық төлеп бітуі тиіс. Несиеге алған техникаларды кәсіперлер 6% үстемақымен алған.  

Бүгінде шаруаларды ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықтауға мемлекеттен 40 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ қазақстан бойынша техникасын жабдықтауға 276 өтінім келіп түскен.