Түркістан
EN

Бәйдібектік жас депутаттың ісі көпке үлгі

215
22.08.2022

Елімізде жастар билік тұғырынан көптеп көрінуде. Солардың бірі Бәйдібек ауданының тумасы, жас депутат Абылай Қайратұлы. Халықтың қалауымен аудандық мәслихаты  болған ол, жауапкершілікті алып құр жүрмеймін дейді. Еңбекке ерте араласқан ол, өз кәсібін де дөңгелетіп отыр. 

Абылай  Жақыпов «Қозыеке» өндірістік кооперативінің төрағасы, әрі аудандық мәслихаттың депутаты. Бүгінде өзіне тиесілі 3500 гектарға жуық жерді игеріп отыр. Соның ішінде 2200-і егістік болса, қалғаны жайылымдық жер. 12 адам шаруашылықта тұрақты жұмыс атқарса, науқан кезінде 25-30 адамға дейін еңбекке тартылады. Мақсатым  мансап емес, жерлестерімнің әлеуеті жақсарту дейді ол.  

АБЫЛАЙ ЖАҚЫПОВ – АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ  ДЕПУТАТЫ: «Мақсатым - мансап қуып, қызметтің кілтін ашу емес, елмен бірге етене араласып, халықпен тығыз-қарым қатынаста елдің әлеуетін көтеру. Жұмыстардың жаңашыл тұстарын қарастырып, тың идеяларды жүзеге асыру арқылы тірлік жасау. «Елде болса ерінге тиері» сөзсіз. Сондықтан, қандай жұмыс бастасақ та, өз туып-өскен жеріңді түлетуге, көркейтуге ниеттену керек».

Жас болса да бас болып жүрген депутат шаруашылықпен қоса, қатарластарының да түйіткілді мәселелерін шешуге үлес қосып келеді. Аудандық "Жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесе аймақтағы мұқтаж жандарға көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған.  

АБЫЛАЙ ЖАҚЫПОВ – АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: «Бүгінгі күнге дейін ауылдағы көптеген мәселелердің көзін тауып, іске асырдық. Тарихи өлшеммен қарар болсақ, егемендікті еңсерген 30 жыл тым көп уақыт емес. Алайда, біз сол 30 жылдың ішінде маңызды белестерді бағындырдық. Кемелденген елге айналдық. Ауыл деп айтқанымызбен, ауылдың жағдайы қазір қаланың тұрмысымен бірдей теңесіп келеді. Бұл – жаңарудың, жаңғырудың айқын көрініс. Яғни, Жаңа Қазақстанға аяқ басып келе жатқанымыздың белгісі деп ойлаймын».

Абылайдың алға қойған жоспары да көп. Бірінші кезекте Президенттің  «Жаңа Қазақстан» құру бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысу. Жастар – қоғамның қозғаушы күші болғандықтан, оларды жаңашылдыққа үйрету, тәрбиелеуді кейіпкеріміз өз міндеті ретінде санайды.