Түркістан
EN

Келесі жылдан бастап мектептер толық 5 күндік оқуға көшеді

116
22.08.2022

Келесі жылдан бастап барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы тамыз конференциясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министр бұл өзгеріс ұстаздардың еңбек демалысына әсер етпейтінін атап өтті. Яғни демалыс уақыты  бұрынғыша 56 күн болып қала бермек. Министр сөз арасында мектеп директорларын мұғалімдерді сенбі күні жұмысқа шақырмауды да ескертті.  

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ - ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ - АУДАРМА!!! Біздің ойымызша, сенбі күні ұстаздар демалуы керек, балаларымен бірге болуы керек. "Бұл еңбек демалысының ақысына әсер ете ме?" деген сауал туындауы заңды. Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейтін болады. Сондай-ақ директорларға да өтінішіміз бар. Біз тиісті бұйрықты қабылдадық. Кей әріптестеріміз сенбі күнін әдістемелік күн ретінде өткізуге немесе педагогтарымызды жұмысқа шақыруға талпынып жүр. Бұл тәжірибені тоқтату керек. Барлық педагог, мектеп бес күн жұмыс істеуі керек.

Дәстүрлі тамыз конференциясында министр ұстаздарды тағы бір жақсы жаңалығымен қуантты. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Сондай-ақ еліміздің бас ұстазы бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.