Түркістан
EN

Қазақстанда астық нарығындағы экспорт тоқтап тұр

107
19.08.2022

Елімізде астық нарығындағы экспорт тоқтап тұр. Өйткені үкімет 30 қыркүйекке дейін шектеу енгізген. Тек қана квота алған кәсіпорындар ғана бидайды шетелге шығара алады. Ал сарапшылар болса, квотаның кемшін тұстарын атады. Мамандардың сөзінше, егін көлемі биыл былтырғыға қарағанда көп мөлшерде болады. Егін орағы да ерте басталды. Сондықтан қазір Қазақстанның экспорттық әлеуеті өте жоғары. Алайда квотаның кесірінен экспортқа шектеу тұр. Елміздің астық экспорттаушылары мен шаруа қожалықтары бұл шектеуді алуды сұрап Үкіметке хат та жолдапты. Енді сала қызметкерлері жақында ғана тағайындалған сауда минситрінен үміт күтіп отыр. Ал астық экспортын шектеуге қатысты шешімді ведомствоаралық комиссия шығарады.