Түркістан облысында 10 қап қант алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам ұсталды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода ер адамның дүкен ішінде отырған балаға телефонда ақша төленгені туралы түбіртекті көрсеткені көрінеді. Сосын қаптағы қантты алып, есіктен шығып кеткен. Ал қаптағы шекерді сатып, ақшасын жаратып жіберген. Кәсіпкер өзінің алданғанын кейіндеу біліпті. Келген шығын 186 мың теңге. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.